17.02.2020, 10:25
Қараулар: 260
Бөкей ордасында су тарту жұмысы жалғаспақ

Бөкей ордасында су тарту жұмысы жалғаспақ

Өткен жылы Тайғара мен Үштерек ауылдарына су жаңа құбырлары салынса, 2017-2018 жылдары Бөкей ордасы ауданында 8 ауыл таза ауыз суға қосылған-ды. Нәтижесінде таза ауыз сумен қамтылған ауылдар саны 16-ға жетіп, аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 82%-ды құрады.

Биыл Шоңай ауылындағы су құбыры құрылысына жергілікті бюджеттен 49 млн. теңге бөлініп, ауыз су тарту жұмыстары жалғасуда.