14.02.2020, 16:33
Қараулар: 767
ФУТБОЛШЫЛАР ТРЕНИНГІ

ФУТБОЛШЫЛАР ТРЕНИНГІ

 

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде футбол топтары арасында өткен «Футбол – менің сүйікті спортым» атты тренингі  бейнеклипті қараудан басталды. Онда әйгілі футболшылардың ойындарынан үзінділер, жеткіншектердің даярлық барысында орындап жүрген тапсырмаларынан бейнесюжеттер көрсетілді.  Жас спортшылардың «Футбол – менің сүйікті спортым» тақырыбына  айтқан ойлары да осы бейнеклипте орын алды.

Шара барысында спорттың жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны, соның ішінде команда мүшелерін бір-біріне деген сенімділікке үйрететін футболдың тарихына, осы ойынның Қазақстанда дамуына көңіл бөлінді.

Әдіскер Қ.Жаңғуатұлы  футбол топтары жөнінде біраз мағлұмат беріп, түрлі кездегі алған асулары, үлкен спортқа жолдама алған мектеп шәкірттері жөнінде баяндады.

Кейін тренингтің машықтық кезеңі басталды. Онда БЖСМ-нің  Хан ордасы ауылындағы бөлімшенің футбол тобы бапкері А.Уразгельдиев футбол қақпашысының техникасын үйретті. Өз кезегінде балғын спортшылар екі топқа бөлініп, үйренгендерін ортаға салды. Бисен ауылындағы бөлімшенің футбол тобының бапкері Н.Абулхатин қарсыласы қойған кедергіден өту үшін өз допты әріптесіне бағыттау және қайтып алуды үйрету тәжірибесімен бөлісті. Кейін жас футболшыларымыз дриблингтен жарысқа түсті. Сайқын ауылындағы бөлімшесіндегі футбол тобының бапкері М.Бисембаевтың допты қақпаға тебу техникасын дәріптеді.

Мектеп директоры әрі футбол ардагері Д.Семилиди футбол ойынының дамуын туралы пікірін айтса, футбол бапкерлері спорттық әдістерді қолданған кезінде шәкірттердің жіберген қателіктерді түзету бағытында ұсыныстарды талқылады.

Қуанғали ЖАҢҒУАТҰЛЫ,

БЖСМ әдіскері

Ауыл спорты

Басқа да мақалалар