14.02.2020, 16:10
Қараулар: 593
«АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІ – ТӘРБИЕНІҢ КӨЗІ»

«АБАЙ ҚАРАСӨЗДЕРІ – ТӘРБИЕНІҢ КӨЗІ»

Ш.Жексенбаев атындағы мектебінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар тек оқушылармен шектелмеді. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Гүлвира Зұлқарнаеваның ұйымдастыруымен «Абай қарасөздері – тәрбиенің көзі» тақырыбында шара өтті. Бұл шарада мұғалімдер ақын қарасөздерін жатқа оқыды. Ұстаздарымыздың әр қайсысы ұлы ойшылдың үш қарасөзінің тереңіне үңіліп, бүгінгі күндегі өзектілігіне тоқталды. Абай қарасөздерінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, тәрбие саласындағы маңызы жайлы ой қозғаған тағылымы мол шара өз деңгейінде өтті. Мектеп басшысы Мәншүк Мұхамжарова «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып, үнемі аз қамтылған отбасы балаларына көмек қолын созып жүрген азаматтарғаризашылығын білдірді. Мұндай шара жыл бойы жалғасын таба береді.

Дильяра ЕСМҰХАН,

Ш.Жексенбаев атындағы мектеп  оқушысы

«Жас қалам» үйірмесінің мүшесі

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар