14.02.2020, 15:50
Қараулар: 673
«ТӘТТІ КІТАП»

«ТӘТТІ КІТАП»

Ш.Жексенбаев атындағы мектепте ғұлама ойшыл, ақын, ағартушы, аудармашы ел тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлға Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шынар Сабырованың ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар аралығында «Тәтті кітап» шарасы өтті. Шараның мақсаты-оқушыларды Абай шығармаларын терең білуге, мақаласымен танысуға, үштілділікті дамытуға ықпал жасау. Қазақтар, орыстар, ағылшындар және ғалымдар тобы болып бөлінген оқушылар  ақын өмірі мен шығармашылығы, аудармалары мен қарсөздерін үш тілде насихаттап, ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» елбасы мақаласының өзектілігіне тоқталды. Шара соңында әр топ өз қолдарынан жасаған «Тәтті торттарын» ұсынды.

 

Яна САҒЫН, 

Ш. Жексенбаев атындағы мектеп оқушысы,

«Жас қалам» үйірмесінің мүшесі

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар