13.02.2020, 23:08
Қараулар: 277
БАЙҚАУ ҮЗДІКТЕРІ ОБЛЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

БАЙҚАУ ҮЗДІКТЕРІ ОБЛЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

 Аудандық балалар техникалық шығармашылық орталығында «Таңғажайып сәт» атты фотосурет және «Movie креатив» атты бейнеролик байқаулары өтті.

Сырттай өткен бұл байқауларға аудан мектептерінің үйірмешілері өз жұмыстарын ұсынды. Фотосуреттер «Сәтті селфи», «Қыс қызықтары», «Туған жер», «Мектеп өмірі», «Тоқта, тез қозғалыс» аталымдары сараланса, бейнероликтер «Деректі кино», «Әлеуметтік жарнама, Әлеуметтік ролик», «Музыкалық клип» номинациялары бойынша жарысқа түсті.

Айта кетелік, Жәңгір хан мектебі шәкірттері фотосурет көрме-байқауына 50 жұмыс жолдап, ерекше көзге түсті.

Фотосурет көрме-байқауының «Сәтті селфи» номинациясының жеңімпазы жәңгірлік Нұрбек Рахметолла (жет. Ж.Мұхитова) атанса, «Қыс қызықтарынан» І орын құсайыновтық Санжар Рахим (жет. А.Аменов) бұйырды. «Туған жерде» жәңгірлік Балжан Құмардың (жет.Т.Кабдрахманова), «Мектеп өмірінен» аталымында мәметовалық Бекнұр Шапигуллиннің (жет. Н.Төлеуова), «Тоқта, тез қозғалыста» жәңгірлік Саят Бисенғалидің (жет.Б.Шарафетдинова) жұмыстары жоғары бағаланды.

«Movie креатив» байқауына не бары бес бейнеролик ұсынылды. Қазылардың шешімімен «Деректі кино» номинациясында І орын құсайыновтық Нұрай Сисенбай (жет.М.Аменова) лайық деп танылса, «Әлеуметтік жарнама, әлеуметтік роликте» жексенбаевтық Бекжан Марат (жет. А.Меңдіғалиев) І орын, құсайыновтық Перизат Темірғали (жет.М.Аменова) ІІ орын, «Музыкалық клипте» жексенбаевтық Бекжан Марат (жет.А.Меңдіғалиев) І, жәңгірлік Ақбота Сабирова (жет.Г.Ағишанова) ІІ орын иеленді.

Сырттай байқаулар қорытындысына сай үздік деп танылған жұмыстар облыстық кезеңге жолданады.

Бақытгүл СӘЛІМОВА,

 АБТШО қызметкері

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар