10.02.2020, 10:57
Қараулар: 260
«ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС»

«ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН ҰЛЫ ЖЕҢІС»

Бөкей ордасы ауданында дәл осы тақырыпта мекемеаралық фестиваль басталды. Аталмыш фестивальды Бөкей ордасы колледжі бастады.

Шара шығыс шынары, батыр қыз Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын  қойып, тағзым етуден басталды. Айта кету керек, ел мақтанышы Мәншүк апамыздың ескерткішіне тірі гүл қою мекемелер арасында дәстүрлі түрде қолға алынды.

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде колледж студенттері жасақтаған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрмедегі колледж студенттерінің салған суреттері, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету тобының студенттері картиналары бастап, аспаздардың тәттілеріне дейін тақырыпқа сай. Сарбаз ботқасы да ұсынылды.

Колледж ұжымының концерттік бағдарламасы ІІ дүниежүзілік соғыстың басталғанынан бастап, жеңіспен аяқталғанына дейін шебер үйлесімділікпен қамтылғанын бірден айта кету керек. Фестиваль жаққан жұлдыз деп колледж қызметкері Халниса Забесованы айтуға болды. Саусағынан бал тамған шебер аспазымыз бұл жолы кең диапазонды әнші ретінде танылды.

Фестивальды алдағы жұмада аудандық саз мектебі, балалар техникалық шығармашылық орталығы мен мектептен тыс тәрбие орталығының біріккен ұжымы жалғастырмақ.

Ұлпан ЖАКИНА,

Бөкей ордасы ауданы