7.02.2020, 15:43
Қараулар: 128
ТОҒАН ЖАЙЫ ТАҚЫРЫП БОЛДЫ

ТОҒАН ЖАЙЫ ТАҚЫРЫП БОЛДЫ

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде облыс әкімі орынбасары Мұхтар Манкеевтың төрағалығымен селекторлық режимде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша облыстық комиссияның отырысы өтті. Барлық аудандардың тиісті комиссия мүшелері қатысқан бұл онлайн отырыста  облыстың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы кеңінен талқыланды. Облыстық төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов дамбалар мен жолдарды бекіту және т.б. жайларды мәлімдеді.  Облыстық төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Таубеков судағы қауіпсіздік жөнінде хабарласа, «Қазсушар» РМК БҚО филиалының директоры Нұрболат Жұмағалиевтің сөзіне қарағанда биыл су тасқынынан қауіп жоқ, оны «Қазгидромед» мамандары да растап отыр. Қайта су тапшылығы болуы ықтимал дейді сала маманы. Сондықтан өзен-бөгеттерге түскен су қорын мейлінше мол жасауға кеңес берді. Осы алқалы отырыста Мұратсай бөгетін күту жайын бюджеті тапшы ауылдық округ әкімі аппаратынан алып тастау мәселесі көтерілді.

Ізінше өткен аудандық комиссияның отырысында аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Біржан Меңешев су жүйесін,басқа да қазба жұмыстары жүргізілген жерлерді бақылап, опырылудың алдын алуға, т.б.  тиісті тапсырмалар берді.

Раушан ЖАНАТ