7.02.2020, 15:37
Қараулар: 143
1820   СЕРВИСТІК,  420 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1820   СЕРВИСТІК,  420 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова  2019 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша онлайн форматта есептік кездесу өткізді. Бұл шараға аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Анаргүл Дәулетова және жергілікті кәсіп  иелері қатысты.

Былтырғы жылы кәсіпкерлер палатасына жер телімдерін алу, жеке кәсіпкерлердің есепшоттарындағы шығыс операцияларының тоқтатылуы, «Еңбек» бағдарламасы негізінде  мемлекеттік грант алуға өтініштердің қабылданбауы секілді сауалдар бойынша    36  жазбаша түрде арыз түскен. «Бастау» бизнес бағдарламасы аясында  243, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 43 аудан тұрғыны кәсіпкерліктің қыр-сырына қаныққан. 25 шаруа иесі жер теліміне қол жеткізіп, осының нәтижесінде қымыз, сүт өндіру, ірімшік жасау, ет қақтау істері жолға қойылды.  Жергілікті кәсіпкерлерге 1820 сервистік,  420 құқықтық қызмет көрсетілген.

Кездесуге келген кәсіпкерлер де сервистік қызметті ширату, инвестициялық несиелердің ауыл кәсіпкерлеріне қолжетімсіздігі, облыстық газ қызметін ұсынатын монополистік мекемелердің көгілдір отынды пайдалану бойынша келісімшартының тиімсіз тұстарын қайта қарастыру, жастарға  кепілдіксіз несие беру т.б маңызды мәселелерді ортаға тастап, тиісті өкілдердің қаперіне беруді сұрады.

Арайлым ЕСМАҒҰЛ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар