23.01.2020, 16:33
Қараулар: 225
КӨШЕҢІЗ ЖАРЫҚ ПА?

КӨШЕҢІЗ ЖАРЫҚ ПА?

Сайқын ауылдық округі бойынша  509 жарық шамдары қондырылған. «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрлігінің  2015 жылғы  25 ақпандағы № 143 бұйрығына  сәйкес, Сайқын ауылдық әкімшілігі  мен «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» акционерлік қоғамымен  2019 жылға жасалынған  №36 мемлекеттік сатып алу туралы шарты негізінде өкілдік етуші аудандық электр торабы  Сайқын ауылының көшелері бойынша жарық көздеріне  эксплуатациялық техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізеді. Көше шамдары, бағаналардың сымдары үзілуі, декоративті жарықтандыру нысандары істен шыққан кезде оларды қалыпқа келтіру үшін ауыл әкімшілігінің  материалдарын (лампаларын) пайдалана отырып ауыстыру жұмыстары  жүргізіледі.

Құрметті, ауыл тұрғындары, сіз тұратын көшелерде жарық мәселесі жөнінде қандай ма ұсыныс-пікірлеріңіз болса Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратына жазбаша немесе ауызша өтініштеріңізді жолдауға болатынын қаперлеріңізге береміз.

Бисен ҚАДЫРОВ,

Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы