16.01.2020, 16:40
Қараулар: 339
Какима Қажипанова, зейнеткер-ұстаз: «АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚОҒАМҒА ТӘРБИЕШІ»

Какима Қажипанова, зейнеткер-ұстаз: «АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚОҒАМҒА ТӘРБИЕШІ»

 

– Абайдың қара сөздері де, өлеңдері де тұнып тұрған тәрбие екені сөзсіз. Тек мектеп оқушылары емес, қоғам сол ақын Абайдың сынынан сабақ алып, бой түзесек қана масылдықтан, еріншектіктің, бос сөз, дауырпалықтан, ысырапшылдықтан, жалған намыс, бойкүйездіктен арылар едік. Ақын шығармалары ұрпақ тәрбиесіне аса қажет,  соның ішінде ұрпақты қай бағытта, қалай тәрбиелеу керек болса соның бәріне Абай туындылары көмектеседі. Оқу-білім, өнер, еңбек, адамгершілік, имандылық, мейірімділік, бірлік, достық, махаббат, табиғат пен  адам, қоғам үйлесімі, т.б. тақырыптар оқушыны жан-жақты қалыптастыруда, толық тұлға ретінде танылуында маңызды роль атқарады. Әрбір қазақ, әрбір қазақстандық, әрбір ұл-қыз Абай шығармаларын оқып, жаттап, ойлана жүректеріне орнықтыруы қажет. Сонда адам да, қоғам да жетіле, кемшіліктер арыла түседі

Абай Құнанбаевты барша ел, барлық қазақ ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, дана адам деп таниды. Ақынның асыл сөздері бар  қазаққа, тіпті әлемге мәңгілік азық,  ұлы мұра боп қалады. Ақынның 175 жылдығы әлемдік деңгейде, жан-жақты аталуы, өлеңдері мен қара сөздерінің челленджін қазақтан өзге әр түрлі ұлт өкілдері жалғап, қазақтың данасын әлеуметке таныстырып, әлем аспанында қалықтатуы халқымызға мақтаныш.