16.01.2020, 16:32
Қараулар: 267
Дәржан СЫДЫҚОВА, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры: «АБАЙ ТОЙЫ ЕЛДІГІМІЗГЕ СЫН»

Дәржан СЫДЫҚОВА, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры: «АБАЙ ТОЙЫ ЕЛДІГІМІЗГЕ СЫН»

 

– Абай жылы, Абай тойы – ұлттық маңызға, ұлттық құндылыққа ие. Тиісті деңгейде тойлануы ұлтымызға сын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес. Өткен жылы Абай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. үлкен де, кіші де, лауазымды түлға, тіпті президенттен бастап, мектеп оқушысына дейін қатысқан елдік шара болды. Басында бәзбіреулердің жаттап айтпақ түгілі, камераның арғы жағында жасырулы тұрған өлеңді мыңқылдап зорға оқыды-ау» деп қынжылдық. Кейін қиналып болса оқығанына шүкіршілік ететік. Демек, жолданған бастамаға деген жауапкершілігі бар деп. Бәлкім осыдан қызығушылығы оянып, басқа да шығармаларымен танысар деген ішкі үмітің де жоқ емес. Жалпы, бұл эстафета арқылы қазақ ұлттық әдебиеттің тұма бастауына көңіл аударады деп ойлаймын. Жалпы, қай нәрсе де алғашқы қадамнан басталатынын ескерсек, бұл эстафета да Абайды танудағы бір қозғау деп ұққан жөн.

Кітапханамызда жыл сайын Абай шығармаларына арналып, әдеби-сазды кештер жоспарға сай ұйымдастырылады. Былтыр орталық саябақта «ашық аспан астында Абайды оқимыз» шарасын өткізген едік. Өлеңсүйер ауылдастар қатысып, кітап көрмесін тамашалап, мәре-сәре болысқанымыз бар. Осы тектес тақырыптық шараларымыз биыл да өткізіледі. Балалар кітапханасында көркемсөз байқауын да өткізу жоспарда қаралған. Ал, көрме мен латын әліпбиінде кітаптармен жазылған «Abai» инсталляциясы жасақталды. Қызметтік міндетімізге сай Абай тойының өтуіне асқан жауапкершілікпен ат салысамыз деп сендіремін.