16.01.2020, 15:11
Қараулар: 752
«НАРЫННЫҢ НАҒЫМЫ»

«НАРЫННЫҢ НАҒЫМЫ»

Аудан халқына еңбегімен еленген, бүгінде пайғамбар жасына жеткен Нағым Тәжімұратовтың мерейтойын ауылдастары елеусіз қалдырмады. «Нарынның Нағымы» деп кеш өткізді.

Бөрлі ауылдық мәдениет үйінде өткен бұл шараға  аудан әкімінің орынбасары Б.Меңешов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының І орынбасары М.Аққалиев, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі басшысы С.Хайроллин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және  спорт  бөлімі  басшысының міндетін атқарушы Ж.Сисенғалиев қатысты.

Кеш қонақтарымен қоса ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Құбышев, мерейтой иесінің ата көршісі Қ.Бекқалиев сөз  сөйледі. Ағамызбен бірге оқыған сыныптастары  қос Бақытжан Орал қаласынан арнайы келген Б.Омарова мен Ұялы ауылдық округінің әкімі Б.Оразғұлов жүрекжарды лебіздерін, ыстық ықыластарын білдірді.

Кеш иесі Нағым Қитанұлы сахна төріне шақырылып, «Ашық микрофон» айдарына кезек берілді. Ауыл өнерпаздары Асылым Жасқайратқызы, Данира Сатқан және Н.Тәжімұратовтың құрбысы Орынай Сариева әннен шашу шашып, кештің көркін қыздырды.

Өз тілшіміз

Замандас келбеті

Басқа да мақалалар