16.01.2020, 15:06
Қараулар: 216
 БІЛІМІМЕН ТОП ЖАРДЫ

 БІЛІМІМЕН ТОП ЖАРДЫ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде топ жарған он бес оқушы облыстық кезеңге жолдама алған еді.

Жуырда Орал қаласында өткен олимпиаданың облыстық кезеңінде шәкірттеріміз алдыңғы шептен көрінбесе де, жүлдесіз қалмады. М.Мәметова атындағы орта мектептің ұстазы Балжан Хайрушеваның оқушысы Аида Хасенова  орыс сыныбындағы орыс тілі пәнінен ІІ орынға қол жеткізсе, Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің мұғалімі Бекзат Әшеновтың шәкірті Инабат Ғабдолла Қазақстан тарихынан ІІІ орынан көрінді.

Қатысқан 14 бөкейліктің арасында жүлделі үштіктен табылмағанымен жақсы білімдерімен көзге іліккендер де болған. Олар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқан Б.Жәнекешев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Нұртілек Қайруллаев пен биология пәнінен білімін сынға салған  М.Бегалиева атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Қырымбек Амангелді. Қос шәкірт Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының алғысхаттарымен марапатталып, ұстаздары Гүлзада Жұмағұлова мен  Айгүл Өтегенованың мерейін тасытты.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ

 

 

 

 

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар