16.01.2020, 15:05
Қараулар: 71
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектерін тыңдап, кеңес берді.

Филиал төрағасының қабылдауына арнайы келген бисендік Марат Сақауов үйінің апатты жағдайда екенін айтып, тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесуін сұраса, тағы да сол бисендік жас маман Олжас Ғұбашев тұрақты жұмыстың ретін шығар деп үмітпен келіпті. Олжас қазіргі таңда Көктерек ауылындағы мектепте «жастар практикасымен» тарих пәнінен сабақ беріп жүр. Уақытша  қоғамдық жұмысқа тартылған  Сайқын ауылының тұрғыны Гүлмейрам Аманғалиеваның да шағымы осы тақылеттес екен. Тұрақты жұмыс іздейді. Сейтәлі елді мекенінің тұрғыны Рашид Шаяхметов жеке басының емес, тұтас елді мекеннің талабын арқалай келіпті. Сейтәліге елді мекенін мәртебесін беріп, көшет егу, жолын жөндеу сияқты мәселелерді көтерді.

Өз кезегінде филиал төрағасы Нұрлан Рахымжанов Сейтәліге мәртебе беру тек аудан әкімдігімен шешілмейтінін, бұл мәселенің күн тәртібінде екенін айтып, қалған мәселелер бойынша тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ