16.01.2020, 12:11
Қараулар: 364
ЖЫЛЖАБАРДАҒЫ МАРАПАТЫМЫЗ

ЖЫЛЖАБАРДАҒЫ МАРАПАТЫМЫЗ

Жыл қорытындысын саралап бақсақ, жұмысымыз елеулі. Тілшіміз Арайлым Есмағұлованың жұмысы еленіп, жүздеген журналист арасынан облыс әкімінің жүлдесіне лайық танылса, өткен жылы «Үздік аудандық басылым» атанған газетіміз биылғы үш тоқсанды да үздік боп топ бастады. Жыл қорытындысында түйткілді мәселелерді бүкпесіз көтеріп, келеңсіз жайттарды сын садағына алған өткірлігі үшін ұжымымыз арнайы дипломға ие болса,  Раушан Бақытовамыз жылдың үздік жауапты хатшысы атанды. Аттай жиырма жылын осы редакцияның жұмысына арнаған бухгалтер-кассиріміз Ағира Абдированың да еңбегі еленіп, жылжабардағы салтанатта арнайы сертификатқа ие болды. Он екі аудан, екі облыстық газеттегі әріптестеріміз арасынан оза шауып, ерек танылған бұл жетістігіміз біз үшін орны бөлек. Бұл, әрине,  біз үшін тоқмейілситін меже емес. Әлі де жұмысымызды ширата түспекпіз.   Биыл газетіміздің жарық көргенін тура тоқсан жыл толмақ. Редакция үшін айтулы датада аянып қалмасымыз хақ. Алдағы жылы да бірге болайық! Төл басылымыңызға қолдау білдіріңіз, ағайын!

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар