10.01.2020, 10:58
Қараулар: 82
КҮЙ САЙЫСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

КҮЙ САЙЫСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Қазақ халқының киелі мұрасы  күйшілік өнерді насихаттауға зор үлес қосып жүрген аудандық  саз мектебінің   талантты шәкірттері  ел көлемінде ұйымдастырылатын байқауларда әрдайым топ жарып келеді. Бұл әлбетте, домбыра аспабына баулып қана  қоймай, қоңыр күйдің құдыретіне бөлей білген білікті оқытушыларымыздың ерең еңбегі деп білеміз. 28 желтоқсан күні Алматы қаласында өткен «Әр бала — дара бала» атты І республикалық күй сайысында да  ордалық өрендеріміз  ауданның мерейін тасытты.  Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Қызылорда, Орал  қалаларынан барлығы жүзге жуық жас домбырашылар қатысқан  дүбірлі додада әріптесіміз Азамат Зайноллин баптаған өрендеріміз  Нұрдәулет Қайсағали  бас жүлдені иемденсе, Нұргелді Еслямғали пен  Алан Амангелді  бірінші орынды қанжығаларына байлады. Осынау ақжолтай жаңалық  жетістіктерімізді еселей түсіп, жылды керемет көрсеткіштермен түйіндеуге септігін тигізгені анық.

Айзада ТІЛЕПОВА,

аудандық саз мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар