10.01.2020, 10:50
Қараулар: 186
ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕЛІК ДАСТАРХАН

ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕЛІК ДАСТАРХАН

Жылдағы дәстүр бойынша «Думан» тойханасында жаңа жыл мерекесіне орай ардагерлерге мерекелік дастархан жайылды.

Аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов:

– Ардагерлерге құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың парызы. Әрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз зор, еселі еңбек еттіңіздер, парасат-пайымның, игілік пен ізгіліктің биік үлгісін көрсете білдіңіздер. Осынау мереке қарсаңында өздеріңізбен жүздескеніме ризамын,- деп ақжарма лебізін білдірді. Құттықтау легін одан әрмен мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Бисекенова жалғастырды. Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламамен өрілді.

Арайлым МАРАТ