10.01.2020, 10:36
Қараулар: 82
ТӨРАҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ТӨРАҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нұрлан Рахымжанов және бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев ауыл тұрғындарын жеке мәселе бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген ауыл тұрғындарының көпшілігі жұмыс мәселесімен жүгінді.

Марал Әбуов шаруа қожалығын ашу үшін жер телімін сұрады.

Өз кезегінде Нұрлан Рахымжанов барша жүгінген азаматтардың мәселесі бойынша жұмыстанатынын айтып, заң шеңбері аясында көмектесетінін жеткізді.

Еркебұлан  БИСЕНҒАЛИЕВ