10.01.2020, 10:28
Қараулар: 167
ЖАҢА НАУБАЙХАНА АШЫЛДЫ

ЖАҢА НАУБАЙХАНА АШЫЛДЫ

«Жас кәсіпкер» бағдарламасының түлегі Фарида Нұрмұханова жуырда таңдыр нан пісіру наубайханасын ашты.

«Нәтижелі жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан аталмыш бастама Сайқын ауылында орын алды. Фарида таңдыр нанды дайындау реттілігін сақтап, арнайы пеште пісіруді жоспарлаған.  Міне, мемлекеттік қолдаудың арқасында әрі аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Бибігүл Жұмағұлованың және жанашыр жандардың ақ тілегімен өз ісін бастады. Айталық, наубайханада таңдыр наннан өзге самса, басқа да нан өнімдері шығарылмақ.