10.01.2020, 10:16
Қараулар: 81
ШЫРША ШАТТЫҒЫ

ШЫРША ШАТТЫҒЫ

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын аудан әкімінің шыршасы биыл «Біз еліміздің жарқын болашағымыз» тақырыбында М-С.Бабажанов атындағы орта мектепте өткізілді. Бұл шырша мерекесіне ауданның әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылар балалары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, оқу озаттары мен белсенділері, жалпы әр ауылдық округтен 50-ге жуық оқушы қатысты.

Мерекелік шарада аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов шәкірттерді жаңа жылмен құттықтады. «Сіздер еліміздің жарқын болашағысыздар. Бүгінгі шараға келген әрқайсыңыз да оқуда, қоғамдық шараларда белсенділік танытып, жетістіктерімен ата-аналарын, ұстаздарын қуантып жүреді деп сенемін. Елміздегі бар жақсы істер сіздердің кемел келешектеріңіз үшін жасалуда. Білімді, еңбекқор, зерек, жаңашылдыққа құмар ұл- қыздарымыздың жолы ашық болсын» деп игі тілегін арнады.

Әсерлі де әдемі қойылым, әуезді ән мен ырғақты би тарту еткен шәкірттердің өнері көпке ұнады. Айта кетелік, әкім шыршасы Аяз ата, Ақшақар, мыстан кемпір, т.б. ертегі кейіпкерлері мен қоса өзге ғаламшарлық персонаждардан құралған музыкалық композициямен, көңілді ойындармен айшықталды. Шараға қатынасқан әр оқушыға шығармашылық жиынтық салынған сөмке сыйға берілді.

Арай МАРАТ