10.01.2020, 10:11
Қараулар: 333
ЖЕЛГЕ ШАШҚАН ҮШ МЫҢДЫ ГАЗЕТКЕ ҚИМАЙТЫНЫМЫЗ ҚАЛАЙ?

ЖЕЛГЕ ШАШҚАН ҮШ МЫҢДЫ ГАЗЕТКЕ ҚИМАЙТЫНЫМЫЗ ҚАЛАЙ?

– Жаңа жылда балаларыма атын жазып, киндер жасаттым. Тек төрт мыңды соған жіберіппін ғой.

– Мен Басқұншақтан «Дьявольское шоу» деген салют алдым. Точно 25 рет атылады екен. Мықты. Бес мыңын ақтады.

Мен куә болған мұндай әңгімені сіз де естіген шығарсыз. Балаларына мерекелік көңіл күй сыйлаған дұрыс, әрине. Бірақ, сол аспанға отшашу боп шашылып кеткен бес мың теңгеге ішім күйді.

31 желтоқсанда үш үй тұратын елді мекеннің өзінде жаңа жылдың нышаны деп отшашу атқаны анық. Сол отшашулардың қымбаты да бар, арзаны да бар. Тіпті отандық өнім де бар екен. 19 рет атылатын «Түркістан» салюты 7 900 теңгеге, жеті рет атылатын  «Аяз ата» салюты 1 600 теңгеге сатылған екен. Орташа есеппен алғанда төрт-бес мың теңге салют алған екенбіз. Бір сәттік көрініс үшін бір күндік табысымызды желге шаштық.

Бір сәттік салют үшін қыруар ақшаны қиналмай шығарып, 400-700 теңге тұратын әдеби кітаптарды алуға келгенде шығайбайланып қалатынымыз қалай?

Бір сәттік салют үшін қыруар ақшаны қиналмай шығарып, «Фейсбуктан оқып отырмыз ғой» деп  аудандық басылымның біржылдық жазылымынан үнемдейтініміз қалай?

…«Әр кәлләда бір қиял» деген осы екен-ау.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ