10.01.2020, 9:58
Қараулар: 147
МАЙДАНГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

МАЙДАНГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов бастап, аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманбай Машотов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев қостаған топ арнайы Хан ордасы ауылына барып, бөкейлік жалғыз майдангер Нәсіпқали Жұмағалиевті жаңа жылымен құттықтап, амандығын біліп, саулығын сұрап қайтты.

–  Адамзат тарихынан маңызды орын алған Ұлы Жеңістің көзі тірі куәгері ретінде ортамызда аман отыра беріңіз. Ұрпаққа ұран болған ерліктің иесі сіздердің өміріңіз, өткен жолыңыз үлгі, өнеге,-деді аудан әкімі.

Майдангер атамыз да өз кезегінде арнайы келіп, амандығын білген қонақтарына алғысын айтып, еңбектеріне табыс, елге тыншытық тіледі.

Өз тілшіміз