26.12.2019, 15:13
Қараулар: 471
БІРДЕН ҚОС ЖҮЛДЕ

БІРДЕН ҚОС ЖҮЛДЕ

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай эссе және сурет жанры бойынша республикалық байқау ұйымдастырылған еді.

Бөкей ордасы ауданындағы М.Мәметова атындағы орта мектеп оқушысы Жанерке Сұлтаниярова үміткердің бірі болды. Аламан байқауда Жанеркеміздің аты озды. Бірден екі бірдей жанр бойынша жүлдегер атанды. Орыс тілінде оқытатын мектеп оқушысы эссе бойынша І орын, суреттен ІІІ дәрежелі орын иеленді.

Бөкей ордасы ауданының статистика басқармасының басшысы Тілеген Қадимов ұжым алдында Жанерке Сұлтаниярованы жүлдесімен құттықтап, марапатын табыстады.

— Әріптесіміздің қызы республикадан жүлделі орын иеленіп отыр. Ортақ қуаныш. Аудан ғана емес, облыс мерейін өсірген қызымыздың жетістігі мол болсын,- деп департамент атынан планшет табыс етті.

Ұлпан ЖАКИНА

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар