26.12.2019, 15:09
Қараулар: 475
КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

«Бақытты отбасы» жобасы аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, жеке кәсіпкер Алмагүл Камалова аз қамтылған, көпбалалы отбасына азық-түліктен көмек көрсетті.

Кәсіпкердің көмегіне Бекболат Ақышев жанұясы ие болды. Бұл жанұя төрт бала тәрбиелеп отырса, соның біреуі тумысынан мүгедек.

— Жергілікті әкімшіліктің көмегімен тұрақты жұмысқа орналастым. Бүгін Алмагүл Камалова секілді кәсіпкерлерден де көмек алып отырмын. Тұрақты жұмыс орным болса да, бір жалақымның көзі қайда жетсін? Сондықтан осындай көмекке кәсіпкерімізге үлкен рақметімді айтқым келеді,- деген алғысымен бөлісті Бекболат Ақышев.

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жақсы бастамадан сайқындық жанашыр кәсіпкер Жанболат Наурызов та қалыс қалмады.  Ол Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының ұсыны бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасыға, жұмыссыз жандарға не бары алты жанұяға 50 келілік бір-бір қап астықтан көмектесті. «Ас атасы – нан» десек, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі Жанболат ағаның қайырымдылықты наннан бастауы құптарлық іс.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ