19.12.2019, 18:42
Қараулар: 118
ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНГЕНІ

 

Бүгін аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов бір топ атқамінерлермен сайқындық Бақыт Бекееваның үйіне бас сұғып, апамызға «Бөкей Ордасы ауданының құрметті азаматы» атағы мен төсбелгісін табыстады.

Аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов жиырма жылға жуық өмірін жас ұрпақтың тәрбиесіне арнап, аудандағы бірқатар мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған, кейін Мұратсай совхозында төраға, аудан әкімдігінде қызмет атқарған Б.Бекеева туралы әңгімелесе, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев, Сайқын ауылдық округінің әкімі Нұргүл Омарова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманбай Машотов пен кеңес мүшесі Марат Қадешев және марапат иесінің жездесі Бақтыгерей де жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде Б.Бекеева жылдар бойғы еңбегін елеген аудан басшылығына ризашылығын жеткізді.