19.12.2019, 10:41
Қараулар: 217
ҮШ ОКРУГ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

ҮШ ОКРУГ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінде өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясында ауылдық округтердің бюджеттеріне ұсынылған өзгертулер мен толықтырулар қабылданды.
Сайқын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Нұргүл Омарова округтің кірісі 120886,0 мың теңгені құрағанын баяндады. Әрі ол ауыр науқасты шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық қызмет көрсету орнына жеткізу бағдарламасынан үнемделген 40,0 мың теңгені ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін қызметтер бағдарламасына ауыстыруды сұрады.
Осыған ұқсас ұсынысты Орда ауылдық округінің әкімі Медет Сисенов айтты. Аталмыш округте ауыр науқасты шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық қызмет көрсету орнына жеткізу бағдарламасынан 80,0 мың теңге үнемделсе, елді мекендердегі көшелерді жарықтандырудан 750,0 мың теңге, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстарынан 12,0 мың теңге қоржында қалған. Медет Исаұлы да қордағы қаражаттың бағдарламасын ауыстыруды ұсынды.
Бисен ауылдық округінің бас маманы Ақболат Шамшеденов жергілікті бюджеттегі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, салықтық түсімдердің орындалу барысын баяндады.
Ұсыныстар депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешім шығарылды.
Айта кету керек, үш округтің жергілікті бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Т.Арыстанбеков төрағалық еткен қоғамдық кеңесте талқыланып, мақұлданды.
Раушан БАҚЫТОВА