19.12.2019, 10:32
Қараулар: 515
БАҒАНАЛАР БАННЕРЛІ БОЛДЫ

БАҒАНАЛАР БАННЕРЛІ БОЛДЫ

Сайқын және Хан ордасы ауылдарындағы көше бағандарына батырларымыз бен танымал тұлғаларды, тарихи ғимараттарды дәріптеген баннерлер орналастырылған.

Көлемі 60х40 сантиметрды құрайтын 32 баннер жасауды Сайқын ауылдық округі «POSTMAN PR» жарнама агенттігіне тапсырған. Оған қордан 1440,0 мың теңге жұмсалған. Жалпы әр баннер 45,0 мың теңгеге бағаланған.

Хан ордасы ауылындағы баннер саны жағынан аз болғанымен, көлемінен едәуір үлкен. Яғни, Бөкей ордасы ауданының мәдени орталығындағы бағаналарға 100х200 сантиметр көлеміндегі тоғыз баннер орнатылды. Әрқайсысы 90,0мың теңге тұратын бұл баннерлерді «РекКом» жарнама агенттігі дайындаған. Ауданымыздың негізін қалаушы хандар мен Совет одағының батырларын, Қазақстанда алғаш болып ашылған мектеп ғимаратын, т.б. елдегі елеулі тұстарды қамтыған баннер дизайнын ханордалық Мират Қоржынбаев ойластырған.

Раушан ЖАНАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар