12.12.2019, 18:25
Қараулар: 243
ҚҰСАЙЫНОВТЫҚ ШӘКІРТТЕР ДЕС БЕРМЕДІ

ҚҰСАЙЫНОВТЫҚ ШӘКІРТТЕР ДЕС БЕРМЕДІ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Бұл білім додасына барлық ауылдық округ мектептерінен 170-ке жуық оқушы қатысып, баптары мен бақтарын байқасты.  

Екі күнге созылған білімпаздар бәйгесінің алғашқы кезеңінен 147 оқушы  сүрінбей өтіп, екінші кезеңге жолдама алған болатын.  Айта кетелік, 13 пән негізінде берілген  тапсырмалардың орындалу барысын   жіті бақылап,  қорытындысын шығару үшін аудандық әдіскерлік кабинетінің меңгерушісі Динара Сұлтанғалиева бастаған  бастаған  комиссия алқасы  тағайындалды.  Олимпиадада  нәтижесі бойынша   25 оқушының  жұмысы үздік танылса, 36-сы жүлделі екінші орынды,  39 ұл мен қыз үшінші орынды қанағат тұтты.  Жүлде қорын түйіндей келе   А.Құсайынов  атындағы білім ордасы  жеңімпаз атанса, Ш.Жексенбаев және М-С.Бабажанов атындағы білім ордаларына екінші және үшінші орындар тиесілі болды.

Осы орайда  барлық 13 пән бойынша шәкірттерін дайындап, білімдерін шыңдауға мүмкіндік берген  бабажановтық ұстаздар қауымының  еңбегін де атап өтелік.

Арай МАРАТ