12.12.2019, 18:05
Қараулар: 185
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов ағымдағы жылдың 5 желтоқсандағы «Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылдық округі сайланған әкімнің тіркеу туралы» шешімі негізінде, Нұргүл Омарованы тексерістен оң нәтижесін алғанға дейін Сайқын ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып қабылдансын деген өкім шығарды.

Омарова Нұргүл Жігерқызы еңбек жолын 2001 жылы М.Мәметова атындағы мектептің тәрбиешісі қызметінен бастаған.  2003-2004 жылдар аралығында  Т.Масин атындағы  орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі,  2004-2007 жылдары аудандық білім беру бөлімінің маманы, 2007 жылдан 2019 жылға дейін Бөкей ордасы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. 2019 жылдың қыркүйек айынан Орал қаласындағы №16 мектебі директорының  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ