12.12.2019, 17:59
Қараулар: 473
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН


 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің мәжіліс залында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен өткен бұл жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар, сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары талқыланды.

-Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең тиімді құралдарының бірі автоматтандыру болып табылады, бұл адам факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан сандық салаға көшуге кірісті. Еліміздегі барлық қызмет салалары толығымен электронды қызмет көрсетуге көшкен жағдайда, қызмет көрсетудің тиімділігі артып, тұрмыстық деңгейде сыбайлас жемқорлық қысқара түседі,- деді Лариса Қайырғалиева.

Сонымен қатар, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің орынбасары Исатай Құрмашев ауданымызда жоба бойынша атқарылған жұмыстарымен таныстып өтсе, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру бойынша және партия тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталды.

Білім беру бөлімінің басшысы Жұбан Ғұмаров білім саласындағы жемқорлық көріністердің алдын алуға, оны болдырмауға, педагог мәртебесін түсірмеуге бағытталған шаралар туралы баяндады.

-Оқушыларға құқықтық тәрбие беру мақсатында «Бала және Заң» апталығы өткізіліп, барлық сыныпта құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық білімдерін арттыру мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сыныптарда тәрбие сағаттары «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» тақырыбында әңгіме түрінде өтсе, 9-11 сынып оқушыларына «Құқық әлемінде», «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі туралы», «Заң білмеген зиян шегеді» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді,-деді өз сөзінде Жұбан Ғұмаров.

 

Еркебұлан РАХМЕТОЛЛА