5.12.2019, 15:37
Қараулар: 284
САЙҚЫН ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

САЙҚЫН ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттары Сайқын ауылдық округі әкімін сайлады.

Аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов аудан әкімдігінің үлкен залына жиналған халық қалаулыларын күн тәртібімен, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Бағдат Лұқпанов әкімдікке үміткерлермен және сайлау тәртібімен таныстырды. Өз таңдауларын оқшауланған кабинада жасаған депутаттар дауыстары төмендегіше сараланды. Сонымен ауданымыздағы 12 депутаттың 8% Қуаныш Дүйсекешевке дауыс берсе, 25 %-ы бұл орынға Исатай Оз, ал, дені яғни, 67%-ы үміткер Нұргүл Омаровны лайық деп таныған.

Осылайша басымдылықпен сайқындық Нұргүл Жігерқызы Сайқын ауылдық округінің әкімі болып сайланды.