4.12.2019, 14:53
Қараулар: 282
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамант басшысының бірінші орынбасары Нұрдаулет Самет ауыл тұрғындарын жеке мәселе бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген ауылдастарымыз сыбайлас жемқорлық мәселесімен емес, жеке басына қатысты жұмыс пен баспана мәселесімен жолықты.

– Хан ордалық Тарас Ибрашевке кезінде қарызға мал беріп едік. Енді бірнеше жыл өтті Ибрашевтің қарызды қайтаратын ойы жоқ.

Соттың көмегіне де жүгіндік. Медиатор арқылы мәселе шешілгендей болып, қарызын өтейтін боп шешілген еді. Бірақ күні бүгінге дейін бір теңгемді де қайтармады. Не істесем болады? -деген сұрақпен Майра Шакирова жүгінді.

– Бұл сұрақпен сізге тек аудандық сот көмектесе алады. Қайтадан арыз беріп, медиатор көмегінен бас тартыңыз. Сол сот шешімі бойынша және сот орындаушысы арқылы қарызыңызды қайтара аласыз,- деген кеңес берді Нұрдаулет Самет.

Өз тілшіміз