4.12.2019, 14:37
Қараулар: 400
«ХАН» ХАЛЫҚТЫ ҚУАНТТЫ

«ХАН» ХАЛЫҚТЫ ҚУАНТТЫ

Айтулы күнде Саралжында «Хан» атты дүкен ашылды. Су жаңа дүкеннің қожайыны — Оралхан Байқуатов.

Дүкен лентасын Ұялы ауылының әкімі Бақытжан Оразғұлов пен ауылдың ардақты ұстазы, еңбек ардагері Маруся Қабденова кесті.

Дүкеннің ашылу салтанатына қатысып, алғашқы тұтынушылар легінен табылған ағайын сыйлықсыз қалмады. Мәди Өтешов ресейлік Ваз-2114 көлігіне,  Тоқтар Рысқалиев тоңазытқышқа, Нұржан Жолдаубаев кір жуу машинасына,  Ернияз Сұңғатұлы теледидарға ие болды.

— Кәсіптің түр-түрімен айналысып көрдім. Ксерокөшірме де жасадым, автокөлік дөңгелектерін жамап, шиномонтажбен де, фотосуретті де кәсіп етіп көрдім. Соңғы екі жылда дүңгіршікте сауда-саттықпен айналыстым. Адал кәсіп қылып, нанымды маңдай теріммен табуды мақсат еттім. Бүгінгі «Хан» дүкенінің ашылуы тек қожайыны емес, тұтас ауылдың қуанышы болсын деп, ұтыс уақ-түйек зат емес, естелік болар қомақты дүние тігіп отырмыз. Көптің тілегі көл боп, дүкеніміздің ісі ілгерілей түссе деген тілек қой,-дейді дүкен қожайыны Оралхан.

Саралжын ауылдық округінің әкімі Ерлан Ермекқалиев:

  • ­Оралхан ­- қайырымды, елжанды азамат. Кез келген ұсынысымызға, көп болып қолға алған жобамызға үнемі қолдау білдіріп отырады. Ауылда өткізіліп отырған қайырымдылық шараларының бір де бірінен қалыс қалмайды. Қолы ашық. Бастысы, елжанды жігіт. Ауылдың еңсе түзуіне осындай елжанды жігіттер қолдау білдіріп отыратыны қуантады,-дейді кәсіп бастаған ауылдасы туралы.

Ел үшін жасалатын игі істерге елгезектік танытып отыратын Оралхандай ауылдасымызға тегіңе сай, бай да, қуатты бол демекпіз!

Өз тілшіміз 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар