4.12.2019, 12:36
Қараулар: 304
ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫН ШИРАТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫН ШИРАТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Нұрлан Рахымжановтың төрағалығымен, саяси кеңес, мәслихаттағы фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдары төрағалары, партия белсенділері және филиал қызметкерлерінің қатысуымен «Nur Otan» партиясының аудандық актив жиыны өтті.

Күн тәртібінде партияның қайта жаңғыру мәселесі талқыланды.

Елбасымен кездесуде облыстық делегация құрамында болған «Nur Otan» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев сөз алып, ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясындағы «Мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауымен таныстырып өтті.

Оған қоса, ең бастысы – әрбір әкім мен мәслихаттардағы фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі күшейту, бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуына нақты партиялық бақылауды қамтамасыз ету және жергілікті жерлердегі партия жұмысын күшейту керек екендігін айтып өтті.

Өз баяндамасында Мейрамбек Аққалиев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпін» бағдарламасы бойынша аудан көлемінде қолға алынған іс-шараларға тоқталды.

Аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, «Солтүстік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қуаныш Елемесов және аудандық депутаттық фракция жетекшісі Тілеген Арыстанбеков партия жұмысын ширату тұрғысындағы өз пікірлерін ортаға салды.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ