28.11.2019, 12:43
Қараулар: 309
Жиын МӘМС-ке арналды

Жиын МӘМС-ке арналды

Аудандық мәдениет үйінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселесіне арналған жиын өтті.

2020 жылдың 1 қаңтар айынан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген МӘМС жүйесі енгізіледі.

МӘМС маңыздылығы туралы аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, аудандық аурухана директоры Анарбек Белисанов түсінік берді.

Жиын барысында тақырыпқа сай бейнетаспа тамашаланды.

Медицина сала қызметкерлері мен жастар «МӘМС. Ынтымақтастық. Теңдік» атты флешмобын көрермен назарына ұсынды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ