28.11.2019, 12:39
Қараулар: 601
АУЫЛҒА ЦИРК КЕЛДІ

АУЫЛҒА ЦИРК КЕЛДІ

Аудандық мəдениет үйінде астаналық цирк ұжымы бөкейлік балдырғандарды қуантты. Акробаттар мен қамшы шебері, сиқыр əлемінен сəлемдемесін ала келген сиқыршы өз шеберліктерімен лық толы залды тəнті етті. Сахнада ит əн салып, енот секіріп, маймыл көрерменнің қошеметін сұрады. Ал Арчи атты жылан сұстылығымен, 25 келіге тарта салмағымен кішкентай көрермендерді қызықтырды. Түрлі қимыл жасаған трансформер, сайқымазақ Кузя да кішкентай көрерменнің көзайымы болды.

Лоторея билет ойыны жеңімпаздардың көңілін көтеріп тастады. Ұтысқа қол жеткендер де, жетпегендер де аңдармен суретке түсіп, риза болып тарасты.

Өз тілшіміз