28.11.2019, 11:44
Қараулар: 56
САЯННЫҢ «SANA MAL»-ы ҮЗДІК 

САЯННЫҢ «SANA MAL»-ы ҮЗДІК 

Ордалық Саян Баетовтың  «Sana mal» стартап жобасы  Орталық  Азия бойынша   үздіктер қатарында.

Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген  «Central Asia Startup Show»  халықаралық бағдарламасы аясында  1000-ға жуық қатысушының ішінен  50 инновациялық жоба авторының жұмыстары үздік деп танылып, түрлі қаржылай демеу сыйға ие болған болатын.  Аталмыш шара АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Бірнеше ай көлемінде стартап жобалар сараланып, нәтижесінде жерлесіміз Саян Баетовтың  тың еңбегі  назарға ілігіп, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі бекіткен  500 мың ақшалай сертификатқа ие болды.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің озық ойлы  өнертапқыштарының  жобалары   инкубациялық және акселерациялық   бағдарламалардан өткізілді. Бұл шараға ұлттық компаниялар, кәсіпкерлер, венчурлық қорлар, т.б. 90-ға жуық ірі ұйым-мекемелер қатысты.

Арай МАРАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар