28.11.2019, 11:39
Қараулар: 87
АӘК ҰЯЛЫЛЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА ҮМІТ СЫЙЛАДЫ

АӘК ҰЯЛЫЛЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА ҮМІТ СЫЙЛАДЫ

Биылғы жыл халықтың әл-ауқатына, соның ішінде тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға ерекше назар аударылып, түрлі бағдарламалардың қолға алынуымен ерекшеленіп отыр. Отбасылардың табысы мен тұрмыс деңгейіне қарап тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек  сол бағдарламалардың ішіндегі ең бір ауқымдысы деп атап көрсетуге тұрарлық.

Жыл басынан Ұялы ауылдық округі бойынша 40 отбасына АӘК тағайындалды. Оның үшеуіне шартсыз АӘК тағайындалды.  Аталған бағдарлама аясында 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса,  25 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Отбасының еңбекке қабілетті  мүшелері еңбекпен қамтудың түрлі шараларына тартылды. АӘК алатын отбасылардан мектеп бітірген екі түлек әкімдік грантына ие болып ЖОО-на  оқуға түсті.

Тұрмысы төмен және көп балалы  отбасылары төленген төлемдерді кәдеге жарату  мақсатында ауылшаруашылық малдарын сатып алып, малданды. Бірі қой сатып алса, енді бірі майы мен сүтін, құрты мен ірімшігін өзім өндірсем деп ірі мүйізді қара малдарын сатып алды.

Бүгінде АӘК алып өз тұрмыстарын ілгерілеткен отбасылар үкіметтің өздеріне деген назары мен қолдауларына дән риза.

Әділет ҚАЗИЕВ,

Ұялы ауылдық округінің ассистенті