28.11.2019, 11:30
Қараулар: 92
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы арманын iске асырып, тәуелсiз мемлекет құрдық. Оның бастауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрғаны мәлім. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі Елбасының ел басқарудағы елеулі жетістіктері әрбір қазақстандықтың лайықты мақтанышына айналды. Оның батыл да байыпты, ұтымды шешімдерінің нәтижесінде мемлекетіміз үлкен өндіріс ордасына, инновациялық және индустриялық ауқымды жобалардың мекеніне айналды. Көз алдымызда халықтың әл-ауқаты жақсарып, тұрмыс жағдайы ілгері басқанын әркім де сезінуде. Халық алдында, мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Тұңғыш Президент күнін атап өту – Сіз бен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе.

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, мол табыс, дендеріңізге саулық тілеймін! Мемлекетімізге одан әрі өрлеп, өркендей берсін!

Игі ниетпен аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов