21.11.2019, 15:57
Қараулар: 74
ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ТЫҢДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ТЫҢДАЛДЫ

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев Хан Ордасы, Мұратсай және Бисен ауылдарына жұмыс сапарымен барып, партия мүшелері, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Нұр отан» партиядағы 7 серпін» бағдарламасы, партиялық кадр резерв мәселесі туралы кеңінен әңгімеленді. Қосымша, ауылдық округ бастауыш партия төрағаларына ұйымдарының жұмысын жандандыру бағытында тапсырма берілді. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының төрағасының І орынбасарының атынан мұратсайлық Мұхаметден Қуанышалиев ағамызға алғысхат табысталды. Сапар аясында ауыл азаматшаларының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қабылдау өткізілді. “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Мейрамбек Аққалиев аудан тұрғындарын жеке өтініштері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға 9 тұрғын келді. Келген 9 азаматтың жетеуі тұрақты жұмыс таппай жүргенін айтса, Серік Құрманғалиев жеке құжаттарындағы сәйкессіздіктерді жөндеуге көмек сұрады. Бисендік Ғалымбек Әбуғалиев мердігерлердің жауапсыздығынан салқын күзде үйіне кіріп тұрғанын табиғи отынның игілігін көре алмай отырғанын айтып шағымданды. “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының І орынбасары Мейрамбек Аққалиев өз кезегінде азаматтардың мұң-мұқтаждары бойынша жұмыстанатынын айтып, сендірді.

Еркебұлан РАХМЕТОЛЛА