15.11.2019, 12:20
Қараулар: 484
ХАНОРДАЛЫҚ ӨРЕНДЕР IT СЫНЫПТА ОҚИДЫ

ХАНОРДАЛЫҚ ӨРЕНДЕР IT СЫНЫПТА ОҚИДЫ

Жәңгір хан атындағы орта мектепте IT сынып ашылды. Бұл ауданымыздағы екінші сынып.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов: «Ақпараттандыру заманында оқушыларымыз үшін осындай ойдың ұшқырлығын шыңдай түсетін сыныптың маңызы зор»,- деді. Осы мүмкіндікті мейлінше тиімді пайдалануды тапсырды.

Жәңгір хан атындағы орта мектептің пән мұғалімі Хаким Хасанғалиев 3D принтердің мүмкіндіктермен таныстырды. Оқушылардың робототехника үйірмесінде құрастырған роботтар мен өздігімен жүретін шамаданды көпшілік назарына ұсынды.

Бұл сыныпқа 3D принтер мен оның компьютерінен басқа тағы да 11 компьютер жиынтығы алынған. Ханордалық өрендеріміз үш миллионнан астам қаржы бөлінген ерекше сыныптың игілігін көріп, аудан атын асқақтатар деген сенімдеміз.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар