15.11.2019, 11:17
Қараулар: 282
«ҚЫС – 2019»

«ҚЫС – 2019»

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Тұрарбек Апақаев қыс мезгілінде орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою шаралары жөнінде жедел әрекет ету жасағымен тілдесіп, техникалық базасымен танысты.

Бұл жаттығу шарасына БҚО төтенше жағдай департаментінің бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Мұрат Баев та арнайы қатысып, жергілікті жасақтың дайындығын бағалады.

Барлығы 42 техника шығарылып, 12 жергілікті мекемеден 93 адам қатысты.

Оқу-жаттығу шарасына қатысқан жергілікті орган, азаматтық қорғау күштері қызметкерлерінің дайындығына оң баға берілді.

Еркебұлан БИСЕНҒАЛИЕВ