15.11.2019, 11:10
Қараулар: 279
ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНДА – «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНДА – «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

Аудандық қазынашылық басқармасы ұжымының және «Нұр Отан» партиясының өкілі Эльмира Менееваның қатысуымен «Адалдық сағат» атты дөңгелек үстел өтті.

Негізінен, «Адалдық алаңы» жобасының басты мақсаты ол әлеуметтік маңызы бар салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою екені белгілі. Ал, міндеті – мемлекеттік қызмет кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту және адалдық идеалогиясын ауқымды ілгерілету.

Қазынашылық саласы біраз уақыттан бері электронды кұжат айналымына көшкендіктен, қызметкерлердің мемлекеттік мекемелермен тікелей қарым-қатынасы азайды. Бұл өз кезегінде сыбайластыққа жол бермейді. Осы қоғам кеселімен күресу бағытында заңнамалар және нормативтік-құқықтық актілермен техникалық оқулар, семинар жүргізудеміз. Қызметімізге жауапкершілікпен қарап, азаматтардың арыз-шағымын қабылдаймыз. Қызмет бабында бөгде адамдармен сыпайы, әдепті, қарым қатынас сақтаймыз.

Жалпы, сыбайластыққа жол бермеу Қазақстан Республикасындағы әр азаматтың міндеті, халық алдындағы борышы екенін естен шығармайық.

Ақмарал ЖАНҒАЛИЕВА,

аудандық қазынашылық

басқарма басшысы