15.11.2019, 11:06
Қараулар: 261
ГАТЧИНСККЕ КАПСУЛА ЖӨНЕЛТІЛДІ

ГАТЧИНСККЕ КАПСУЛА ЖӨНЕЛТІЛДІ

Ресей Федерациясының Гатчинск қаласына жолдау үшін Сайқын аулында 196 — Қызыл тулы Гатчинск атқыштар дивизиясының бауырластар зиратынан арнайы капсулаға топырақ салу рәсімі өтті.

М.Мәметова атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Диана Жексен 196- Қызыл тулы Гатчинск атқыштар дивизиясының бауырластар зиратының тарихын баяндады. Соңғы жылдары тағы да бірнеше жауынгердің есімі анықталғанын айтты.

Ардагер журналист Каримолла Ғайсин 1985 жылы осы 196-Қызыл тулы Гатчинск атқыштар дивизиясына қайта жерленгенде келген ҰОС ардагер көп  болғанын еске түсірді. Ол бауырластар зиратындағы жауынгерлердің, бүгінде қатарлары сиреген ардагерлердің ерліктерін ұмытпау, әрі ардақтау кейінгі парызы екенін баса айтты.

Әскерилер бауырластар зиратынан топырақты капсулаға салып, оны Орал қаласындағы Ресей елінің елшілігіне жолдау үшін М.Мәметова атындағы орта мектеп мұражайының жетекшісі Айгүл Ғұмароваға тапсырды.
Кейін бұл капсула Ресей Федерациясы, Ленинград облысы Гатчинск қаласындағы жерлестеріне жеткізілмек.

«Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Ырысханым Нәбиғалиева «Жеңіс» өленін оқыды. Рәсімге келген үлкен-кіші бейбіт заман сыйлаған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева мен құрметті мейман Каримолла Ғайсаұлы және әскерилер ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ