13.11.2019, 18:02
Қараулар: 172
«ҚЫЗЫЛ АЙ» ЖҰМЫСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

«ҚЫЗЫЛ АЙ» ЖҰМЫСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Сәрсенбі күні «Қазақстан Қызыл ай» қоғамының облыстық филиал өкілі Светлана Тенешева Бөкей ордасы колледжі студенттерімен кездесті.

«Қызыл крест» болып құралған жәрдемшілер қозғалысының басында швед әрі кәсіпкер Жан Анри Дюнан тұрғанын айтып, 1901 жылы Нобель премиясын алған азамат бар өмірін, тапқан табысын осы қозғалыстың өркендеуіне арнағанын әңгімеледі. Халықаралық қозғалыстың эмблемаларына тоқталып, ұйым жұмысын жіті түсіндірді. Алғашқы көмек жөнінде тың ақпарат беріп, практикалық тұрғыда студенттерге көмек түрлерін көрсетті.

Дәл осындай кездесу аурухана, аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі ұжымдарымен, М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің оқушыларымен, полицейлер мен өрт сөндірушілер және төтенше жағдай бөлімі қызметкерлерімен өтті.

«Қазақстан Қызыл ай» қоғамының аудандық бөлімше өкілі Нәсіп Нүркенованың айтуынша, биыл аталмыш қоғамға ауданымыздан 20 адам мүшелікке кіріп, олардан түскен жарна 20 мың теңгені құраса, аудан тұрғындары 50 мың теңге көлемінде қайырымдылық жасады.

Раушан БАҚЫТОВА