6.11.2019, 18:58
Қараулар: 16
КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЗДЕСУ

КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЗДЕСУ

Бөкей ордасы колледжінде «Адам жəне төтенше жағдай» тақырыбында кездесу өтті.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Тұрарбек Апақаев тосыннан орын алатын төтенше жағдайлар туралы мәлімдеді. Тұрарбек Қайратұлы кездесуге қатысушы студенттерге бізде жер сілкінісі болмайды, не су басу қауіпі жоқ деп бейжайлық танытпауға шақырды. 2008 жылы Теректі ауданының Шалқар ауылы далалық мекен болса-дағы, төмен балды жер сілкінісі орын алғандығын айтып, төтенше жағдай кезінде бастысы сабырлықты сақтап, тиісті нұсқауларды бұлжытпай орындауға шақырды. Бейнежазба арқылы құтқару əрекеттері туралы түсінік берді.

Аудандық аурухана хирургі Əлімжан Жұмағалиев төтенше жағдай кезінде зардап  шеккен жанға алғашқы медициналық көмекті сауатты берудің маңыздылығын айтты. Сонымен қатар қақалғанда, кенет жүрек тоқтағанда, түрлі жарақат алғанда, суға батқанда, үсік шалғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек шараларын көрсетті.

Студенттер сауалдарын қойып, толымды жауап та алды. Колледж директорының орынбасары Фархат Таңатов түсінік жұмыстары үшін сала мамандарына ризашылығын білдірді.

Өз тілшіміз