6.11.2019, 18:14
Қараулар: 12
«EGEMEN» ЕЛГЕ КЕЛДІ

«EGEMEN» ЕЛГЕ КЕЛДІ

Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар аясында аталмыш  газеттің  бас редакторының орынбасары Ғабит Мүсіреп, Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі Темір Құсайын, БҚО меншікті тілшісі Қазбек Қабжанов, «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитов, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы Әли Бердешевтер Хан Ордасы ауылына табан тіреді.

Көзіқарақты оқырманды ойдым-ойдым ойларымен сусындатып,  саналының зердесінде жатталар дәйекті ақпаратымен тарта білген «Egemen Qazaqstan» газетінің өкілдері ғасырлық тойы қарсаңында Батыс өңіріне  сапар шегіп, жергілікті оқырмандарымен жүздесті. Қазталов, Ақжайық аудандарындағы өткен келелі кездесулер  қазақ баспасөзінің бастау бұлағы саналған киелі Бөкей ордасында жалғасты. Осы орайда зор мақтанышпен айта кетелік, республикалық газеттің тұңғыш редакторлары   Халел Есенбаев пен Тамамдар Сәфиевтер қасиетті нарын құмының төл перзенттері.  Бұлар шалғайда туып, елдің бас газетіне басшылық жасаған тұлғалар. «Егемендіктердің» алға қарыштап, кең қанат жаюуына сүбелі үлестерін қосқан қос қаламгердің рухына тағзым ете келген ізбасарлары  «Хан ордасы» музей қорығына  арнайы бас сұғып, сондағы құнды құжаттарды, көненің көзіндей сақталып келген баспа ісіне арналған құрал-жабдықтар мен қатар басқа да экспозицияларды тамашалап, өткеннің өнегесіне қанықты.

Арайлым МАРАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар