1.11.2019, 10:44
Қараулар: 859
«ЕҢБЕК КУБОГЫ-2019»

«ЕҢБЕК КУБОГЫ-2019»

Хан ордасы ауылында «Жастар жылына» орай ауыл жастары арасында «Еңбек кубогы-2019» атты волейболдан аудандық турнирі өтті. Турнирдің аты айтып тұрғандай, бұл жарыста түрлі салада қызмет ететін жастар өздерінің спорттық дайындығын байқатты. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шара өте тартымды болды.

Доп додасының нәтижесінде «Еңбек кубогы» сайқындық жас ұстаздар командасына бұйырды. Екінші орынды Бисен ауылының командасы еншілесе, үшінші орынды алаң иелері   Хан ордасы ауылының командасы қанжығасына байлады.

Жарыс қорытындысында Сағын Дінсейітов «Үздік ұйымдастырушы»,  Тілек Сағынғалиев «Үздік ойыншы» аталымына лайық танылды.

Жарыс жеңімпаздары арнайы кубокпен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Гаухар СӘРСЕНҒАЛИЕВА

Хан ордасы ауылы