1.11.2019, 10:41
Қараулар: 46
ЕКІ КҮНДЕ ЕКІ ӨРТ

ЕКІ КҮНДЕ ЕКІ ӨРТ

«От – тілсіз жау» демекші оның шығу себептері әр түрлі. Кейде адамдардың салғырттығынан, қауіпсіздік шараларына мән берілмеуінен болса, кейде кездейсоқтықтан, тіпті, қасақана әрекеттен де болып жатады. Қызыл жалыннан жинаған дүние-мүлкің, баспанаң, тырнақтап жинаған мал азығын әп сәтте күлге айналатыны мәлім.

27 қазан күні Бисен ауылының Көктерек елді мекенінің азаматы 1987 жылы туған Берік Есенғалиевтің шаруашылық құрылысы өртке ораныпты. Көлемі (5*15) 75 шаршы метр қорасы және 15 тонна (60 руллон) шөбі күлге айналған. Айта кетелік, өрт туралы хабар тапа-тал түсте, нақтырақ айтқанда 13 сағат 55 минутта келген. Өртті Хан Ордасы аулының № 26 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өшірген.

28 қазанда таңғы 4 сағат 30 минут шамасында Сайқын ауылындағы Егізбаев көшесінде өрт оқиғасы орын алды. 1985 жылғы Ақболат Нығметовтың №56 тұрғын үйін от шарпыпты. Абырой болғанда оны учаскелік инспектор байқап, тиісті құрылымдарға хабарлапты. Өрт келтірілген кесел мен шығу себептерін анықтау үшін іс аудандық полиция бөліміне жолданды.

Тұрарбек АПАҚАЕВ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы,

азаматтық қорғау майоры

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар