1.11.2019, 10:21
Қараулар: 82
ҚЫЗЫЛША ҚАУПІН ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!

ҚЫЗЫЛША ҚАУПІН ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!

Қазақстан Республикасы аумағында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың  тұрақсыз болуына байланысты әрі алдағы уақытта аурушаңдықтың алдын алу мақсатында «Республика аумағында 20-29 жас аралығындағы адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жүргізу» қыркүйек айынан басталып кетті.

Жылдың басынан ауданымызда қызылша шалдыққан 6 жағдай тіркелді. Соның екеуі – 14 жасқа дейінгі  бала болса, төртеуі – ересек адам. Балалар арасында мұндай жағдай қызылшаға қарсы егілмеген себебі, жас шамасы жетпегендіктен.

  1. 20-29 жас  аралығындағы адамдарды қызылшаға қарсы қосымша  екпе егу  неге таңдалды?

Қазақстан Республикасындағы  қызылша аурушаңдығына талдау жүргізу барысында бір жасқа дейінгі балалар  және 20-30 жас аралығындағы белсенді тұрғындар арасында аурушаңдық көптеп тіркелген соң адамдардың 20-29 жас  аралығы таңдалды.

  1. Қызылшаға қарсы қандай қосымша вакцина қолданылады?

ДСҰ ұсынымдарына сәйкес қызылша және қызамыққа қарсы екі компонентті вакцина қолданылады. Үндістанда өндірілген вакцина сатып алынды.  Екпе егу тұрғылықты жерілері бойынша  тегін жасалады.

  1. Кызылша дегеніміз не?

Қызылша – жіті, жұқпалы аурушаңдық. Дене қызуы 38-40 гр-қа көтеріледі. Көздің шырышты қабығы, мұрын, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынады, денеде бөртпелер пайда болады. Аурудың қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, қышқылдың әсерінен, ультракүлгін сәуледен жойылады. Сонымен қатар, аэрозольдарда, вентеляциялық құбырларда, лифт шахталарында  вирус бірнеше сағат бойы өмір сүре алады. Әр түрлі қабаттарда тұратын балалар бір мезетте ауру мүмкін.

  1. Кызылшаның қандай  белгілері болады?

Қызылшаның алғашқы белгілері: қалтырау, жөтел, мұрыннан су ағу, конъюктивит байқалады. Осындай белгілер пайда болғанда  науқастарға көп жағдайда  жіті респираторлық жұқпалардың диагнозы қойылады. Бұдан кейін науқастың маңдайында бөртпелер пайда болады. Қызылшаның ауыр жағдайларында бөртпелер ауыз-мұрын қуысына  түседі. Бөртпелердің пайда болуы кезең-кезеңмен  жүреді. Келесі кезекте бөртпелер денеге шыға бастайды, бұдан кейін аяққа түсіп бес күндей сақталады. Әдетте, бөртпелер пайда болғаннан кейін алғашқы екі күн науқастың жағдайы ауыр халде болады.

  1. Кызылша калай жұғады?

Кызылшамен ауырған  адам жұқпа көзі болып табылады. Кызылша вирусы тек адамдарда ғана кездеседі. Вирус ауа тамшылары арқылы таралады, түшкіру, жөтелу, сөйлесу кезінде бірнеше қашықтыққа таралады.  Бөлмеде  қызылшаны жұқтырған адам болса, сол ауамен дем алған кезде вирусты жұқтырып алуға  болады. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы екпе алмаған адамдар кызылшаны 100%-да жұқтырады. Аурудың алғашқы кезінде  аурудың  жұғу қаупі басымырақ келеді. Денеге бөртпелер шыққан соң  48 сағаттан кейін вирустың  қоршаған ортаға  таралуы тоқтайды.

Аурудың жасырын  кезеңі 10-14 күннен 21 күнге дейін  созылады.

Құрметті аудан тұрғындары! Қызылша және қызамыққа қарсы екпе тегін жүргізілетінін еске сала отырып,  20-29 жастағы тұрғындар өз участок дәрігерлеріне жолығуларыңызды сұралады.

      Гүлнәр СҰЛТАНҒАЛИЕВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасының жетекші маманы